Кері қоңырауға тапсырыс беріңіз, біз Сізге қоңырау шаламыз

Біздің ұжым

Cпортшылардың допингке қарсы зертханасының қызметкерлері химия, биология, фармацевтика сияқты салалардың мамандары болып табылады және допинг заты мен оның метаболиттерінің бар-жоқтығын сөзсіз дәлелдеп бере алады

12

Байланыс ақпараты

«Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» РМҚК

+7 727 376-20-51
+7 727 376-25-52

aadl@antidoping.kz kz

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050040, Тимирязев көшесі, 41-ші үй

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

«Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» РМҚК (бұдан әрі - зертхана) 2002 жылдың 27 ақпанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №251 қаулысына сәйкес құрылған және Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ведомстволық бағынышты мекемесі болып табылады. 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 490-I «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңы (2003 жылғы 4 шілдедегі №471-II Қазақстан Республикасының заңының енгiзiлген өзгертулерімен бірге) спортта допинг пайдалануға жол бермеуді көздейді. 2004 жылы WADA Дүниежүзілік допингке қарсы күрес кодексіне қол қойылғаннан кейін және (07.12.2009, №220-IV Қазақстан Республикасының «Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Заңы) 2009 жылы Қазақстан Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялауынан кейін, Қазақстан елдегі допинг-бақылауды ұйымдастыру және барлық деңгейлерде допингке қарсы күресу бойынша өз міндеттемесін заңнамалық түрде нығайтты.

WADA-ның Дүниежүзілік допингке қарсы кодексі допингтің анықтамасын береді және допингке қатысты ережелерді қамтиды. Дүниежүзілік допингке қарсы кодекс халықаралық стандарттардан артықшылығы бар іргелі құжат болып табылады. Зертхананың жұмысы үшін WADA зертханаларының халықаралық стандарты (ISL) және WADA техникалық құжаттары өте маңызды.

Допингті бақылау саласындағы ғылыми зерттеулер, сондай-ақ допингтік заттардың болуы немесе болмауын анықтау үшін аналитикалық зерттеулер жүргізу лабораторияның міндеттері болып табылады. Зертхана заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, допингтік заттарды анықтаудың прогрессивті және инновациялық әдістерін енгізумен айналысып, танылған сапа менеджменті жүйесі бар басқа зертханалардың озық тәжірибесін зерттеп жатыр. Мұның барлығы Спортшылардың допингке қарсы зертханасының жұмысын тиімді деп тану және спорт саласында допинг қолдануды тиімді түрде шектеп және алдын алуды қамтамасыз ететін елдегі допингке қарсы бақылау жүйесін құру үшін қажет.

Заманауи допингті бақылау жүйесінде кәсіби тәжірибе зертхананың ажырамас бөлігі болып табылады, яғни «осы салада хабардарлық және беделділік», оның мақсаты зертхана мамандарын оқыту және біліктілігін арттыру болып табылады. Лабораторияның барлық қызметкерлері допинг саласындағы заманауи талдау бойынша семинарларға қатысу арқылы өздерінің кәсіби біліктілігін арттырады. Бұдан басқа, зертхана басшылығымен қызметкерлерді оқытудың үздіксіз процесін ескерілген:

  •  анықтамалық материалдарды зерттеу;
  • біліктілікті арттыру;
  • аналитикалық жағдайды және зерттеу жұымстарын жүргізу мүмкіндігін бағалау;
  • шешім қабылдау және  сол шешімге жауапты болу;
  • жаңа зерттеу әдістерін енгізу;
  • құрал-жабдықтарды жаңарту мен модернизациялау және оларды зертханалық тәжірибеде қолдану мәселелерін зерттеу;
  • қатемен жұмыс.

Зәр мен қанның биологиялық үлгілерінде (хроматографиялық, масс-спектрометриялық, иммуноанализ және т.б.) допингті анықтау үшін қолданылатын әдістер сезімтал және допингтік заттар мен олардың туындыларын компьютерлік идентификациялауды қамтиды. Олар спортшының қолданған барлық дәрі-дәрмектерін, соның ішінде талдаудың алдында бірнеше апта немесе тіпті бірнеше ай бұрын қолданылған заттарын жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Зертхана допингке қарсы ережелердегі жаңа енгізулерге жылдам әрекет ету үшін аналитикалық әдістерді жетілдіру және кеңейту үшін үнемі жұмыс істейді.

Спортшылардың допингке қарсы зертханасының қызметкерлері химия, биология, фармацевтика секілді кең ауқымда дипломды мамандар және допингтік зат пен оның метаболиттерінің бар екендігін дәлелдеу үшін қажетті құралдар, білімдер мен дағдыларға ие.

Спортшылардың допингке қарсы зертханасының сапа саясаты жалпы келесі мақсаттар мен міндеттерді қамтиды:

  • сенімді және сапалы менеджмент жүйесіне сәйкес зертхананың жұмысын қамтамасыз ету;
  • талдаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету және нормативтік талаптарды міндетті түрде сақтау;
  • жоғары білікті қызметкерлерді жұмысқа алу және олардың біліктілігін үнемі жетілдіру;
  • зертханалық базаны жетілдіру, соның ішінде құрал-жабдықпен қамтамасыз ету;
  • допингтік заттарды анықтаудағы ғылыми зерттеулерге қатысу;
  • құжаттарды ұдайы зерделеу және зертхананың қызметіне енгізу, сыртқы және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын қатаң сақтау;
  • қателер бойынша үздіксіз жұмыс істеу және түзету әрекеттерін жүзеге асыру;
  • барлық тапсырмаларды уақтылы және ұқыпты орындау.

Зертхана басшылығымен әділдік пен адалдықты сақтайтын саясат пен процедуралар анықталған. Зертхана мамандары Дүниежүзілік допингке қарсы кодекс ережелерін, WADA зертханаларының халықаралық стандарттарын, зертхананың ішкі регламенттері мен процедураларын қатаң сақтауға міндетті. Қазіргі уақытта зертхананың негізгі мақсаты Дүниежүзілік допингке қарсы агенттітігінің аккредитациясын қалпына келтіру болып табылады.